Сабақтың тақырыбы: Түстер. Сызық түстері және фигураларды бояу.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік:АВС Паскальда түстердің жазылу туралы мағұлыматтар беру. Сонымен қарат түстерді геометриялық фигураларды бояуда қолдануды үйрету және сол арқылы оқушылардың Паскаль тіліндегі графикасына деген білімдерін арттыру
Дамытушылық: Компьютерде Паскаль тілінің графикасымен жұмыс істеген кезде графикалық нысандарды бояу операторларының қолдануын үрету арқылы оқушылардың білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды Паскаль тілінің графикасындағы нысандарды бояудағы операторлармен жұмыс істегенде ұқыптылыққа, бірізділікке, сонымен қатар операторларды дұрыс қолдана аулуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын әдістер: баяндау, бейнелік
Сабақта қолданылатын құрылғылар: компьютерлер.
Пән аралық байланыс геометрия, ағылшын тілі
Сабақтың барысы:
I.Өткенді қайталау.
II. Жаңа сабақтарды түсіндіру:
Негізгі түсінік. АВС Паскальдің графикасында негізі түстердің ағылшын тілінде жазылылудың процедураларын түсіндіру:
Graph модулінің процедуралары.
Colors[1]:=clWhite;
Colors[2]:=clLightGray;
Colors[3]:=clGray;
Colors[4]:=clDarkGray;
Colors[5]:=clBlack;
Colors[6]:=clRed;
Colors[7]:=clGreen;
Colors[8]:=clBlue;
Colors[9]:=clYellow;
Colors[10]:=clAqua;
Colors[11]:=clFuchsia;
Colors[12]:=clPurple;
Colors[13]:=clBrown;
Colors[14]:=clMaroon;
Colors[15]:=clMoneyGreen;
Colors[16]:=clSkyBlue;
Colors[17]:=clCream;
Colors[18]:=clOlive;
Colors[19]:=clTeal;
Colors[20]:=clLime;
Colors[21]:=clSilver;
Colors[22]:=clNavy;
FloodFill(x,y,color) –(х,у) нүктелерінен бастап color түсі арқылы кезкелген аймақтарды бояу.
SetBrushColor(color) – color параметрі арқылы қылқаламының түсін орнатады.
SetPenColor(color)- color параметрі арқылы геометриялық фигуралар мен сызықтардың жиек түстерін орнатады.
Мысалы1: Lineto операторы арқылы төртбұрыш сызу және іштері қызыл түске, ал жиектері ақ түске боялған төртбұрыш пен шеңбер салу программасы төменде көрсетілген.
uses GraphABC;
begin
FloodFill(400,100,ClTeal);
Setpencolor(clred);
lineto(0,145);
lineto(145,145);
lineto(500,145);
lineto(500,45);
lineto(0,45);
setbrushcolor(Clred);
Setpencolor(clwhite);
rectangle(150,150,250,260);
Setpencolor(clwhite);
setbrushcolor(Clred);
circle(220,120,45);
end.
Мысал 2: Төртбұрыш, шеңбер, эллипс және жиегі доға төртбұрыштардың іштері түске боялған суреттің программасын құруды компьютерде орындау.
Бағалау:
Үйге тапсырма: Төмендегі суретке АВС Паскаль программалау тілінде программа құру.