Сабақтың тақырыбы:      Шектелген аймақтарды бояу.

Сабақтың мақсаты:         

Білімдік: АВС Pascal  програмалау тілінің графикасында шектелен аймақтарды бояу кезіндегі координаталады ескеру арқылы олардың жиектері мен іштерін бояуды үйрету.

Дамытушылық: АВС Паскаль тілінде шектелмеген аймақтарды бояуға болмайтынына және  тек шектелген аймақтарды ғана бояуға болатынына компьютерде  программа құру арқылы  оқушылардың көдерін жеткізу.  Сол арқылы оқушылардың Паскаль тілінің графикасына деген білімдерін дамыту.     

Тәрбиелік: Паскаль тілінің графикасында нысандарды дұрыс орналастыра алуға және олардың шектелген аймақтарын  дұрыс бояуға тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі:  аралас сабақ

Сабақта қолданылатын әдістер:  баяндау,  бейнелік

Сабақта қолданылатын құрылғылар: компьютерлер.

Пән аралық байланыс   геометрия, ағылшын тілі

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

II.Өткенді қайталау.

  1. Геометриялық нысандардың жиектерін қандай оператордың көмегімен орындалады?
  2. Геометериялық нысандардың  іштерін бояу қандай геомериялық операторлардың көмегімен іске асады?
  3. Доғаларды қандай оператордың көмегімен салуға болады?
  4. Доға салу операторында қандай нүктелердің координаталары салынады?
  5. Доғалардың ұштарын қалай біріктіруге болады?

 

IIІ. Жаңа сабақтарды түсіндіру:

АВС Паскаль тілінде тек шектелген аймақтар ғана бояуға болады, оқушылар төменгі сыныптарда өткен Paint графикалық редакторын еске түсіреді және ол редакторда да шектелменген нысандарды бір бояу  түсімен  құйып бояуға болмайтындығын біледі. Бірақ Paint  графикалық редакторында нысандарды визуальді түрде салады, ал  АВС Паскаль тілінде ондай нысандарды координаталық жүйені ескеріп, операторларды жазу арқылы салады. Сонымен қатар нысандар шектелген болса ғана оның іштерін бояуға болатындығына көздерін жеткізу.

Мысалы1:  Төмендегі суреттің АВС Паскаль тілде программасын құру.

 

 

Мысалы2:  Жұлдыздың ішін бояу

uses GraphABC;

  Begin

      SetPenColor(clred);

      Line(200,150,400,580);

      Line(200,150,50,580);

      Line(50,580,420,260);

      Line(420,260,1,263);

      FloodFill(200,420,clred);

      FloodFill(200,220,clred);

      FloodFill(320,320,clred);

      SetBrushColor(clred);

      floodfill(1,295,clred);

      Line(1,263,400,580);

   end.

 

Бағалау:

Үйге тапсырма: Тапсырма №9;