Сабақтың тақырыбы: Стильдерді қолдану
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: АВС Pascal програмалау тілінің графикасында сызықтардың стильдерін қолдануды және геомериялық фигуралардың іштерін бояуда стильдерді қолдануды үйрету.
Дамытушылық: АВС Паскаль тілінде әртүрлі стильдерді пайдаланып, суреттердің программаларын құру арқылы оқушылардың білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Стильдерді әртүрлі жағдайларда қолдану арқылы дизайндық ынталарын арттыруға тәрбиелеу. Өмірде стильді киінуге, ұқыптылыққа және әсемділкке жетелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын әдістер: баяндау, бейнелік
Сабақта қолданылатын құрылғылар: компьютерлер.
Пән аралық байланыс геометрия, ағылшын тілі
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
II.Өткенді қайталау.
IIІ. Жаңа сабақтарды түсіндіру:
Сызықтардың стильдерін орнату:
Сызықтардың 4 түрлі стильдері бар.
Сызықтарға стильдер қолдану үшін SetPenStyle(n); Мұндағы: n-стиль номері.
Мысалы: Әртүрлі стильдері мен түстері әртүрлі сызықтар сызу программасын құрайық.
uses graphABc;
begin
setpencolor(clred);
setPenStyle(0);
Line(80,120,190,120);
setPenStyle(1);
setpencolor(clblue);
Line(80,130,190,130);
setPenStyle(2);
setpencolor(clGreen);
Line(80,140,190,140);
setPenStyle(3);
setpencolor(clMaroon);
Line(80,150,190,150);
setPenStyle(4);
setpencolor(clFuchsia);
Line(80,160,190,160);
setPenStyle(5);
setpencolor(clAqua);
Line(80,170,190,170);
end.
Сызықтардың қалыңдықтарын арттыру үшін SetPenWidth(n); процедурасы қолданылады. Мұнда n-сызық қалыңдығының нөмері. n=1,2,3,4 . . .
Мысалы төменде қалыңдықтары әртүрлі екі сызық сызылған суреттің программасы көрсетілген:
uses GraphABC;
begin
SetPenWidth(5);
line(100,160,190,160);
SetPenWidth(3);
line(100,180,190,180);
end.
Нысандарда стильдерді қолдану.
Геометриялық фигуралар және шектелген аймақтардың іштерін бояу кезінде қолданылатын процедура SetBrushStyle(n); Мұнда n- стиль түрлерінің нөмері. n=1,2,3,4 . . .
1-тегіс бояу
2-горизонталь сызықтар
3-вертикаль сызықтар
4- негізгі диагональ бойынша сызықтар
5- қосымша диагональ бойынша сызықтар
6-вертикаль және горизонталь сызықтар бойынша торкөздер
7-диагональ бойынша торкөздер
Мысалы: Жиегі 2 стилімен, ал іштері 7 стильмен сары және қызыл шеңберлер салу програмасы төменде көрсетілген.
uses graphABc;
begin
setPenStyle(2);
SetBrushStyle(7);
SetBrushColor(clred);
circle(100,150,60);
SetBrushColor(clYellow);
circle(180,150,60);
end.
Боялған тіктөртбұрыштар келесі процедура арқылы сызылады.
Bar(x1,y1,x2,y2:integer); -мұнда ағымдағы түспен іші боялған төртбұрыш сызады. Бояу түсін SetFillStyle процедурасы көмегімен енгізуге болады.
SetFillStyle(Pattern,Color:word) нысанның ішін бояйды, толтыру стилі мен түсін көрсетеді. Мұндағы: Pattern толтыру стилі, ол тұрақты немесе номер ақылы беріледі; Color – толтыру түсі. Толтыру стилі тұрақты арқылы жазылады немесе 0-ден 12-ге дейінгі мәндермен белгіленеді, олар төменгі кестеде көрсетілген.
Бағалау:
Үйге тапсырма: Тапсырма №10. Төмендегі суреттің программасын құр
Шығармашылық жұмыс1.