Сабақтың тақырыбы: Зертханалық жұмыс №5
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: АВС Pascal програмалау тілінің графикасында геомериялық фигураларды процедураларды пайдалану арқылы қозғалысқа келтіру .
Дамытушылық: АВС Паскаль тілінде әртүрлі стильдер мен бояудың түрлерін пайдаланып, суреттердің программаларын процедуралар қолданып құруда оқушылардың білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Өз бетімен өткен тақырыптарды пайдаланып шығармашылық жұмыс жасау.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын әдістер: баяндау, бейнелік
Сабақта қолданылатын құрылғылар: компьютерлер.
Пән аралық байланыс геометрия, ағылшын тілі
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
II.Өткенді қайталау.
- Шеңбер қандай оператордың көмегімен салады?
- Төрт бұрыш қандай оператордың көмегімен құрылады?
- Нысандардың, геометриялық фигуралардың іштерін қалай бояйды?
- Қандай қайталау операторларын білесіңдер?
- Аймақты қалай бояйды?
- Нысандарды байланыстыру қалай іске асады?
- Қайталау операторын қолданғанда фигуралардың арасын қалай жиі қылады?
IIІ. Жаңа сабақтарды түсіндіру:
Ал енді шеңберді repeat қайталау операторының көмегімен салайық:
USES GraphABC;
VAR x:Integer;
BEGIN
x:=20;
repeat
Circle(x,100,10);
x:=x+10;
until x>800;
ReadLn;
END.
1.Енді Процедураны қолданып програманы түрлендірейік:
Ол негізі үш бөлімнен тұрады:
1.Сипаттау бөлімі
2.Функцияны баяндау
3.Функцияны шығару
2. Мысалы жаңағы шеңберді қозғалысқа келтіру үшін:
Program E_1;
uses graphABC;
var x:integer;
procedure kozgalys;
Begin
cls;
X:=20;
repeat
setbrushcolor(clred);
CIRCLE(X,100,10);
RedRaw;
x:=x+8;
until x>1000;
end;
begin
kozgalys;
RedRaw;
end.
Бұл программадағы:
CLS – экранды тазалау;
RedRaw - графикалық терезені қайта бояу үшін қолданылатын функция;
3.Бұл программаны әрі қарай түрлендірейік:
Program E_1;
uses graphABC;
var x:integer;
procedure kozgalys;
Begin
cls;
LockDrawing;
X:=20;
repeat
setbrushcolor(clred);
CIRCLE(X,100,10);
RedRaw;
ClearWindow(clwhite);
x:=x+4;
until x>1000;
end;
begin
kozgalys;
RedRaw;
end.
Мұндағы:
ClearWindow(clwhite) –қозғалыстағы фигураның артын ақ түске бояп отырады.
Зертханалық жұмыстың тапсырмасы:
Үйге: №13 тапсырма. Қозғалысқа келтіру арқылы шығармашылық жұмыс жасау.