Дарынды  балаларға арналған

«Зерде» мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«While  операторы»

8-сынып

 

 

 

Информатика және ақпараттық  технология  пәндерінің  мұғалімі:

Қасымов  Берікжан  Сырымұлы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2010-2011   оқу жылы

 

 

 

 

 

 

Сабақтың  тақырыбы:   While oператоры

 

Сабақтың  мақсаты:      

1.  Білімдік: оқушыларды көшу  операторының  жазылу  тәртібімен таныстыру.  Тармақталған  алгоритмдерді программалау кезінде қолдансысқа  ие болған  қайталау  операторының қолданылуын айқындап ашып беру. Қызметші  сөздердің жазылу ережесін  және оны  қалай  қолдану керектігіне  үйрету.

2.  Дамытушылық:  әртүрлі циклдік есептерді  беру арқылы оқушылардың  қайталау операторына деген түсініктерін арттыру  арқылы білімдерін  арттыр. Қайталау  операторларының синтаксисін және семантикасын, сонымен қатар оқушыларға есеп шығару кезінде қолдана алуға үйрету.

3.  Тәрбиелік:  оқушыларды есеп шығару кезінде есептің  шартына байланысты опреатор  мен  қызметші  сөздерді  жазуға  тәрбиелеу.  Қайталау және әзірше  опреаторларының  арасындағы айырмашылықтарды  ажырата  алуға  тәрбиелеу.   

 

Сабақтың  түрі:  дәтүрлі емес

Сабақтың типі:  интегралды сабақ

Пән аралық байланыс: циклдік қосынды есептер ( математика пәні)

Көрнекіліктер:  тақта, компьютер,   карточкалар

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, есеп шығару

Сабақтың тәсілі: жаппай жұмыс, жекелей жұмыс, ауызша сұрақтарға жауап.

Сабақтың  барысы:

1.     Ұйымдастыру (3 мин)

2.     Өткенді  қайталау (10 мин)

3.     Жаңа сабақты  түсіндіру (15  мин)

4.     Видео (5 мин)

5.     Пысықтау (10 мин)

6.     Үй  тапсырмасы (2 мин)

Өткенді  қайталау

1.     Қанша шартты оператор бар?

2.     If  және Case  операторларының  айырмашылығы неде?

3.     Көрсеткіш  қай жерге  жазылады?

4.     Таңдау  тұрақтыларының типі  қандай  болу керек?

5.     Сase опреаторын  қалай жабады?

6.     Goto опреаторы неден  тұрады?

7.     Көрсеткіш типі  қандай типтер бола алады?

8.     Label қызметші  сөзі нен  үшін қолданылады  және нені  білдіреді?

Жаңа сабақты  түсіндіру

Көп жағдайда  аргументтердің  әр  түрлі  мәні  бойынша  алгоритмнің  белгілі  бір  бөліктерін  бірнеше рет қайталауға тура келеді.   Осындай  процестерді  ұйымдастыру  үшін  циклдік  құрлымды  алгоритмдерде – қайталау  операторлары  қолданылады. Ол әртүрлі  заңдылық ереже бойынша  құрылады.

 Turbo  Pascal  тілінде қайталау  процесін  жүзеге асыратын  циклдік  операторлардың үш түрі  бар:  арифметикалық цикл –FOR, шартты  алдын ала  тексеретін  цикл –While  және шартты  соңынан  тексеретін  цикл –Repeat.

Егер шарт алдын ала  циклдегі  операторды  (немесе құрама операторды) неше рет қайталау керек екендігі белгісіз болып, оның тек қайталану (аяқталу) шарты берілсе,  онда  While, Repeat    операторлары пайдаланылады.  Ал     FOR   операторы  қайталану саны  алдын ала белгілі  болған кезде қолданылады. 

 

While операторы.

Алдын ала берілген шарт бойынша қайталануды   жүзеге асыратын  бұл оператор  While  (оқылуы:  уаил,  аударылуы:  әзірше)  және  DO (оқылуы: ду,  аударылуы:   орындау)  түйінді  сөздері  қолданылып  орындалады. 

 

Ситаксистік диаграммасы: 

  

 

 

 

 

 

 

Жалпы жазылуы:

 

While  <шарт>  do

      Begin

    <циклдің  денсі> 

      End.

 

Сызба-нұсқасы:

 


 

Есептерге программа құру мысалдары:

№1.      қосындыны есептейтін программа құрайық


 

Program М_1;

var  n:integer;

          s:real;

begin

s;=0; n:=1;

 while  n<=10  do

    

 begin

           s:=s+sqr(n);

           n:=n+1;

      end;

   writeln('s=', s);

end.


 

2. 0 мен 1 аралығындағы  сандардың  квадраттарын 0,2 қадаммен есептеп, блок-схемасын және сол сандарды  экранға  шығаратын  программа  құр.

Program M_2;

var  k, s : integer;
begin
   s := 0;
      while s <= 1 do

          begin
                k := sqr(s);
                writeln (k);
                 s := s + 0.2;
           end;

    readln;
end.

      

Жаңа  сабақты пысықтау

Оқушыларға  жеке  нұсқалы ,  үш деңгейлі  есептерді  компьютерде  шешуге таратылу қағаздары беріледі.  Оқушылар орындағаннан кейін компьютер арқылы  тексеріп, жауабын анықтап, бағалаймыз.

 

 

 Ескерту:

 

Үйге  тапсырма: 102  бет,  №2, №3, №4

Бағалау.