Сабақтың тақырыбы: Неізгі түсінктер. Фигураларды салатын процедуралар.
Сабақтың мақсаты:
білімдік: оқушыларға Turbo Pascal програмалау тілінде графикасымен таныстыру. Сонымен қатар фигура салудың процедураларымен жұмыс істеуді үйрету.
дамытушылық: Теориялық білімдерін приактикада қолдана алуғай бағыттау
тәрбиелік: пәнге деген қызығушылығын арттыру, әр оқушының алғырлық, зеректік қасиеттерін дамуына жол ашу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын әдістер: баяндау, бейнелік
Сабақта қолданылатын құрылғылар: компьютерлер.
Пән аралық байланыс геометрия
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
II.Өткенді қайталау.
Мысалы қайталау есебі: қосындыны есептейтін бағдарлама құру.
III. Жаңа сабақтарды түсіндіру:
Негізгі түсінік. Turbo Pascal тілі экранда нүктелер, түзу кесінділер, доғаларды, боялған және боялмаған шеңберлерді, төрбұрыштарды, САЛАТЫН КӨПТЕГЕН ПРОЦЕДУРАЛАРДАН ТҰРАДЫ, сол сияқты басқада графикаларды орындау үшін қолданылатын процедуралар бар. Графикамен жұмыс істейтін барлық мәліметтер GRAPH модулінде орналасады. Сондықтан жұмыс бастар алдында ол модульді алдын ала қосу керек, USES Graph; Графикамен байланысу InitGraph(var GraphDriver:Integer; var GraphMode:Integer; PathToDriver:String) процедураларымен істке асады. Ал ABC Паскалда USES Graph ABC, модулі арқылы орындалады GraphDriver айнымалысы видеоадаптердің типін анықтайды, GraphMode – графикалық күйдің типі. GraphDriver айнымалысы Detect мәнін анықтайды, онда Паскаль өзі қандай видеоадаптер жалғанғанын анықтайды және ең жақсы графикалық күйді орнатады.
Graph модулінің процедуралары.
Төменде ең қызықты және өте көп қолданатын сурет салу процедуралары кескінделген. Ал қалған процедуралар кейінірек қолданыс табатын болады. Төменде қолданылатын процедуралар DrawPoly және FillPoly, төртбұрыш салатын және оларды бояйтын, экран координаттарымен жұмыс істейтін процедуралар жайныда болмақ. Өте қажет! Паскаль тіліндес тандартты емес координат жүйесі қолданылады. Ол координатта ноль сол жақ жоғары ұшында орналасқан. Ox оң жаққа бағытталған, ал Oy – төмен бағытталан.
Фигуралады салуға арналған процедуралар.
PutPixel(X, Y:Integer; Pixel:Word);
Экранда координатасы (X, Y) болатын нүктені салады, Pixel оның түсі.
Line(X1, Y1, X2, Y2:Integer);
Экранда координатсы (X1, Y1)-ден (X2, Y2)-ке дейңн түзу кесінді сызады.
Rectangle(X1, Y1, X2, Y2:Integer);
Кординатасы(X1, Y1) жоғары сол жақ бұрыштан бастап координаты (X2, Y2) төменгші оң жақ бұрышқа бағытталған төртбұрыш салады..
Circle(X, Y:Integer; Radius:Word);
Экранда центрі (X, Y) нүтесінен басталатын шеңбер сызады, радиусы Radius болады.
Ellipse(X, Y:Integer; StAngle, EndAngle:Word; XRadius, YRadius:Word);
координаталары (X, Y) болатын эллипстік доғаны салады, радиустары XRadius, YRadius. StAngle, EndAngle – бастапқы және соңғы нүктелер.
Arc(X, Y:Integer; StAngle, EndAngle:Word; Radius:Word);
Шеңбердңғ (X,Y) центрлері болатын доғаны экранда салады, радиустары Radius. StAngle, EndAngle - бастапқы және соңғы нүктелер.
Төмендегі тапсырманы компьютерде орында.
Үйге:
7-тапсырма
Бағалау